Диетолог Мелисса Чанг көптеген адам салмақ тастау кезінде бірдей қате жіберетінін айтты. Бұл туралы ол Vogue басылымына берген сұхбатында баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мелисса Чанг артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға тамақ ішкен кезде теледидар көрмеуге немесе смартфон қолданбауға кеңес берді. Маманның пікірінше, олар миға тойғаны жөнінде сигналды қабылдауға кедергі келтіреді, бұл шамадан тыс тамақтануға, кейін салмақ қосуға әкеп соғуы мүмкін.
Сарапшының айтуынша, арықтау кезінде жиі кездесетін тағы бір қате - тым шектеулі диета. Ғалымдар қатаң диета ұстанған адамдардың 90 пайызы екі-бес жыл ішінде қайта салмақ қосқанын дәлелдеген.
Мелисса Чангтың сөзінше, бұл ағза мазасыздық күйіне өтіп, май жинай бастағанда болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова