Тіс жуғаннан кейін ауызды бірден сумен шаю – көпшілік жіберетін қателік. Бұл жайлы стоматолог Андрей Божич айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Styler"-ге сілтеме жасап.
"Мен көпшілік адамнан жиі байқайтын қателіктің бірі – тісті жуғаннан кейін ауызды бірден сумен шаю. Бұл сіздің тіс пастаңыздың тиімді болуына кедергі келтіреді", - дейді стоматолог Андрей Божич.
Ауызды сумен шаю тіс пастасының маңызды ингредиенті – фторидті шайып тастайды. Фторид тіс жегіні азайтуға және эмальді қатайтуға көмектеседі. Сондықтан егер аузыңызды жылдам сумен шайып тастасаңыз, оның мұндай пайдасы болмайды.
Дәрігер ауыз қуысының гигиенасына арналған кеңестер берді:
- Тісіңізді күніне екі рет және екі минут бойы тазалаңыз. "Бұл айқын нәрсе болғанымен, күнде таңертең және ұйықтар алдында тісті тазалау өте маңызды", - дейді ол.
- Тісіңізді таңғы асқа дейін тазалаңыз. Таңертең тісті тазалау сілекей бөлінуін жылдамдатады. Ал сілекейдің бөлінуі тамақты ыдыратуға және ауыздағы зиянды бактерияларды жоюға көмектесетінін білеміз.
- Тамақтан соң 30 минут күтіңіз. Тамақтан соң бірден тіс тазалауға болмайды. Әйтпесе, тісіңіз қышқыл тамақ қалдықтарымен қапталып, эмаль құртылуы мүмкін.
- Тілді тазалауды ұмытпаңыз. Ауызды шайғаннан тіл тазармайды. Тілдегі жиналған қалдықтар да ауыздан жағымсыз иіс шығуына және басқа да ауыз қуысы проблемаларына әкелуі мүмкін. Тіл тазалайтын арнайы қырғыш алыңыз немесе оны тіс щеткасымен тазалап жіберіңіз.
Оқи отырыңыз: Онколог простатитті болдырмаудың 4 қарапайым әдісін атады