Онколог простатитті болдырмаудың 4 қарапайым әдісін атады

Онколог простатитті болдырмаудың 4 қарапайым әдісін атады
Фото: ru.freepik.com

Ерлер простатиттің алдын алу үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау керек. Бұл жайлы NEWS.ru-ге онколог Сергей Пикулин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, простатитті болдырмау әдістеріне жүгіру, жүзу және Кегель жаттығуларын орындау жатады. Маман сондай-ақ простата саулығына жүйелі түрдегі жыныстық қатынас пайдасын тигізетінін айтты.

"Простатиттің алдын алатын негізгі нәрселер – жүгіру, жүзу, Кегель жаттығуы және жүйелі түрдегі жыныстық қатынас", - дейді Сергей Пикулин.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық уролог-андролог Құрманбеков Тұрар қуық асты безіне массажды қашан және қандай жағдайларда жасауға болатынын айтты.

А. Жапатова