Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Головкин соңғы онжылдықтағы үздік боксшылардың бестігіне енді

Головкин соңғы онжылдықтағы үздік боксшылардың бестігіне енді

Головкин соңғы онжылдықтағы үздік боксшылардың бестігіне енді

Спорт әлемінде беделді Boxingscene басылымы соңғы он жылдықтағы ең мықты 20 былғары қолғап шеберінің тізімін түзді. Рейтингке қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де енген.

Соңғы он жылдықтағы ең мықты боксшы болып Сауль "Канело" Альварес танылды. Екінші орынға Флойд Мейвезер жайғасқан. Ал Теренс Кроуфорд үздік үштікті түйіндесе, Геннадий Головкин төртінші сатыдан көрінді.

"Қазақстандық боксшы орта салмақтағы екі белбеуді ала алмады. Ол WBO белбеуі мен желілік чемпион тәжі. Головкиннің WBO чемпионы атанатын мүмкіндігі болған емес. Дегенмен әлі күнге дейін Сауль Альвареске қарсы алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшының екі белбеуді де алуы қажет болған деп санайтындардың қатары көп. Сыншылар Головкинге жұлдызды қарсылас ұсынғанымен, ол әрқашан тек ТОП-10 тізіміне кіретін боксшылармен жұдырықтасуға тырысты. Марвин Хаглер мен Бернард Хопкинс те дәл осылай жасаған еді. Головкин мықты боксшы болып қана қоймай 18 нокаутпен декаданы бастады. Ақырынды ол бір салмақта төрт басты белбеудің басын қосты", - деп жазды басылым. 

Кәсіпқой бокстағы мансабын 2006 жылы бастаған Геннадий Головкин осы күнге дейін 42 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның тек біреуінде қарсыласына есе жіберсе, тағы біреуінде тең тарқасқан. Ал қалған 40 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп, 35 қарсыласын нокаутқа түсірген. Головкин бүгінге дейін өткізген барлық жекпе-жектерінде, тіпті, Сауль Альвареспен өткен екі кездесуінде де құлап көрген емес. Ал әуесқой бокста өткізген 350 жекпе-жегінің ешқайсысында қарсыласының жойқын соққысына түспеген.

Головкиннің мансабындағы ең жарқын сәттердің бірі – нокауттар сериясы. GGG рингтен қарсыласын сұлатпай кетпейтін. Ал қарсыластары оның жойқын соққыларынан сасқанып, оны "жыртқыш аңға" теңеген. Гена жеңіске жеткен 39 жекпе-жегінің 35-ін (89,7%) уақытынан бұрын аяқтаған. Осы көрсеткішімен ол орта салмақтағы ең мықты нокаутер атанған.

Сонымен бірге, Головкин 2008 жылдың 22 қазанынан 2016 жылдың 10 қыркүйегіне дейін өткізген жекпе-жектерінің бәрінде қарсыластарын нокаутқа жіберген екен. Ол қатарынан 23 боксшыны рингте сұлатқан. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: DAZN
Қосылған күні: 06 ақпан, 17:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->