Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Головкин жайлы білу қажет 10 дерек

Головкин жайлы білу қажет 10 дерек

Головкин жайлы білу қажет 10 дерек

Бір кездері орта салмақта әлем чемпионы болған Геннадий Головкин қазір үш белбеуінен де айырылып қалған. Дегенмен чемпиондық жолға қайта түсуге GGG-дің тамаша мүмкіндігі бар. 5 қараша күні Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченкоға қарсы IBF титулы үшін жұдырықтасады.

Осы орайда қазақстандық боксшымен әріптес атанған DAZN платформасы Геннадий Головкин туралы әр жанкүйер білуі қажет 10 деректі ұсынды.

Нокауттар сериясы

Головкиннің мансабындағы ең жарқын сәттердің бірі – нокауттар сериясы. GGG рингтен қарсыласын сұлатпай кетпейтін. Ал қарсыластары оның жойқын соққыларынан сасқанып, оны "жыртқыш аңға" теңеген. Гена жеңіске жеткен 39 жекпе-жегінің 35-ін (89,7%) уақытынан бұрын аяқтаған. Осы көрсеткішімен ол орта салмақтағы ең мықты нокаутер атанған. 

Сонымен бірге, Головкин 2008 жылдың 22 қазанынан 2016 жылдың 10 қыркүйегіне дейін өткізген жекпе-жектерінің бәрінде қарсыластарын нокаутқа жіберген екен. Ол қатарынан 23 боксшыны рингте сұлатқан. 

Ешқашан "құламаған"

Кез келген боксшы бір күні нокаутқа түсуі мүмкін. Бірақ бұл Гена жайлы емес. Осы күнге дейін өткізген барлық жекпе-жектерінде, тіпті, Сауль Альвареспен өткен екі кездесуінде де Головкин құлап көрген емес. Ал әуесқой бокста өткізген 350 жекпе-жегінің ешқайсысында қарсыласының жойқын соққысына түсіп көрмеген.

Белбеуді қорғау

Головин алғашқы WBA чемпиондық белбеуін 2010 жылы жеңіп алды. Осыдан кейін GGG бұл белбеуін 21 жекпе-жекте қорғап қалған. Тек Сауль Альвареске қарсы өткен екінші жекпе-жегінде WBA белбеуімен қоса барлық титулдарынан айырылды. 

Бірінші толық жекпе-жегі

Головкин 2007 жылы Мехти Буадлуға қарсы 8 раундтық жекпе-жек өткізген. Бұл қазақстандық боксшы үшін алғашқы толық жекпе-жек болды. Өйткені бұған дейін GGG барлық қарсыластарын нокаутқа түсіріп келген болатын.

Олимп жолы

Геннадий Головкин кәсіпқой боксқа ауыспай тұрып, әуесқойлар арасында Қазақстанның намысын қорғаған. Әлем чемпионатында бақ сынап, Олимпиада ойындарына қатысты. 2003 жылы әлем чемпионы атанса, араға бір жыл салып Олимпиададан күміс жүлдемен оралды.

DAZN-мен келісімшартқа отыру

HBO арнасы 2018 жылдың қыркүйегінде боксты көрсетуін доғарғаннан кейін Головкин жаңа әріптес іздей бастады. Альварес DAZN-мен әріптестік орнатқаннан соң, артынша, Головкин де аталған ұйыммен келісімшартқа қол қойды. DAZN платформасындағы алғашқы жекпе-жегі канадалық Стив Роллсқа қарсы өтті. 

Отбасы тарихы

Головкиннің әкесі орыс, ал шешесі кәріс. Екі ағасы әскерде жүріп мерт болады. Ал егіз бауыры Макс бұл секілді бокспен айналысқан. Қазіргі таңда Генамен барлық жерде бірге жүреді. Анасы кәріс болғанына қарамастан, Головкин кәрісше білмейді. Дегенмен қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Жаңа жаттықтырушы

2010 жылдан бері Головкин мексикалық Абель Санчестің қол астында жаттыққан. Он жылға жуық уақыт өткеннен соң арадағы келісімді бұзады. Қазір қазақстандық боксшы Джонатон Бэнкс жаттықтырады. Кезінде ауыр салмақта жұдырықтасқан, одан кейін Владимир Кличконы дайындаған Бэнксты тәжірибелі жаттықтырушы деуге толық негіз бар.

Қазақстанда бір ғана жекпе-жек өткізді

Головкин Қазақстанның тумасы болғанымен, отанында бір ғана жекпе-жегін өткізген. Ол 2011 жылы Қазақстанда орта салмақтағы WBA (тұрақты) белбеуін қорғады. Головкин қарсыласы колумбиялық Нильсон Хулио Тапианы бар болғаны үшінші раундта сұлатып түсірді.

Кәсіпқойлыққа қадам

GGG кәсіпқой боксшы мансабын Германияның Дюссельдорф қаласында бастаған. 2006 жылдың 6 мамыр күні өткен алғашқы жекпе-жегінде Габор Балогпен жұдырықтасып, нокаутқа түсірген. Головкиннің алғашқы 12 жекпе-жегі неміс жерінде, одан кейінгі бір айқасы Данияда өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 5-ші қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде шаршы алаңға оралады. GGG украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) қолғап түйістірмек. Бәске орта салмақтағы IBF белбеуі тігіледі.

Головкин 2015 жылдың қазанынан 2018 жылдың маусымына дейін IBF чемпиондық белбеуін иемденген еді. Алайда Сергей Деревянкомен жекпе-жек өткізуден бас тартқаннан соң белбеуінен айырылды.  

37 жастағы Геннадий Головкин үшін бұл жекпе-жек кәсіпқойдағы 42-ші болмақ. GGG оның 39-нда жеңіске жетсе, 35-н уақытынан бұрын аяқтаған. Сауль Альварестен бір айқаста жеңіліс тауып, біреуінде тең түскен. Ал оның қарсыласы Сергей Деревянченко болса 14 жекпе-жек өткізіп, оның 13-нде ұтқан. Бір жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберген.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: DAZN
Қосылған күні: 02 қазан, 14:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.