Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Олимпиада чемпионын нокдаунға түсірген Бекзат финалға шықты

Олимпиада чемпионын нокдаунға түсірген Бекзат финалға шықты

Олимпиада чемпионын нокдаунға түсірген Бекзат финалға шықты

Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 81 килоға дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов финалға шықты. Отандасымыз жартылай финалда әйгілі кубалық боксшы Хулио Сесар Ла Крусты айқын ұтты.

Қазақстандық боксшы төрешілер шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті. Тіпті екінші раундта жойқын соққыларымен бір есеңгіретті де. Нокдаун ашылып, Хулионың есін жиюға мүмкіндік берілді. Жекпе-жек соңына қарай бостандық аралының өкілі белсене түсті. Бірақ Бекзат қорғаныста сәтті жұдырықтасып, шабуылда ширақ қимылдады. Қарсыласының атағынан қаймыққан жоқ. Осылайша қазақ боксшылары арасында бірінші болып финалға шықты.

Бекзат Нұрдәулетов финалда өзбек елінен келген боксшы Дилшотбек Рузметовпен жұдырықтасады. 

Хулио Сесар Ла Крус 2016 жылғы Олимпиада чемпионы. 2011, 2013, 2015 және 2017 жылдары  әлем чемпионы атанған.

Айта кетейік, осыған дейін шаршы алаңға көтерілген Сәкен Бибосынов, Тұрсынбай Құлахмет, Василий Левит пен Абылайхан Жүсіпов қарсыластарына есе жіберіп, қола жүлдегер атанған.

Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы австриялық Юстис Хуни жартылай финалдық жекпе-жекке шықпады. Нәтижесінде отандасымыз жұдырықтаспай-ақ финалға өтті. шешуші шайқаста өзбек Баходир Жалоловпен жұдырықтасады.

Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері:

52 кило:
Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан) - Пангал Амит (Үндістан).

57 кило:
Ласаро Альварес (Куба) -  Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан).

63 кило:
Энди Круз (Куба) - Кейшон Дэвис (АҚШ).

69 кило:
Андрей Замковой (Ресей) - Пэт Маккормак (Англия).

75 кило:
Глеб Бакши (Ресей) - Эмир Феликс Марсьяль (Филиппин).

- 81 кило:
Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) - Дилшодбек Рузметов (Өзбекстан).

- 91 кило:
Муслим Гаджимагомедов (Ресей) - Хулио Кастильо (Эквадор).

+ 91 кило:
Қамшыбек Қоңкабаев (Қазақстан) - Баходир Джалолов (Өзбекстан). 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: kfb.kz
Қосылған күні: 20 қыркүйек, 21:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.