Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов қоржынға алғашқы жүлдені салды

Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов қоржынға алғашқы жүлдені салды

Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов қоржынға алғашқы жүлдені салды

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шықты.

52 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын боксшымыз үнді спортшысы Амит Пангхалмен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 2:3 есебімен үнді боксшысына берді. Енді Амит Пангхал финалда француз боксшысы Билал Беннамды жеңген өзбек Шахобиддин Зоировпен алтын үшін күш сынасады. 

Әлем чемпионатын жартылай финалда аяқтаған 22 жастағы боксшы қола жүлде алып, Қазақстанның қоржынына алғашқы медальді салды.

Айта кету керек, Қазақстан жартылай финалға шыққан боксшыларының саны бойынша әлем чемпионатында көш бастап тұр. Біздің алты бірдей боксшымыз 1/2 финалға жолдама алды. 

Бүгін тағы бес боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар:

Күндізгі сессия, 16:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)

75 келі: Тұрсынбай Құлахмет - Эймур Марисаль (Филиппин)

91 келі: Василий Левит - Хулио Сезар Кастиллио (Эквадор)

Кешкі сессия, 20:00

69 келі: Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замковой (Ресей)

81 келі: Бекзат Нұрдәулетов - Хулио Сезар Ла Круз (Куба)

+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев -Джастис Хуни (Аустралия)

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: kfb.kz
Қосылған күні: 20 қыркүйек, 16:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.