Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Сүйінші! Бекзат Нұрдәулетов - әлем чемпионы!

Сүйінші! Бекзат Нұрдәулетов - әлем чемпионы!

Сүйінші! Бекзат Нұрдәулетов - әлем чемпионы!

Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 81 килоға дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов жеңімпаз атанды. Отандасымыз финалда өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовті айқын ұтты.

Қазақ боксшыcы төрешілер шешімі бойынша 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Осылайша Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем біріншілігінің чемпионы атанды.

- Осы әлем чемпионатына дайындықпен келдім. Бәрі сенім артты. Бапкерлерім қойған жүйені орындап шықтым. Осы жеңісімді қазақ деген еліме арнаймын, - деді Бекзат жекпе-жек соңынан.

Әлем чемпионатын алғашқы айналымнан бастаған боксшымыз барлық қарсыласын айқын ұтып шықты. Финалдың жолдамасы үшін өткен жеке-жекте Олимпиада чемпионы, әлем чемпонатының төрт дүркін чемпионы Хулио Сесар Ла Крустан басым түсті. Тіпті қарсыласын бір рет нокдаунға да түсірді.

Бекзат Нұрдәулетов 1998 жылы Ақтау қаласында өмірге келген. 2016 жылы Ресейде өткен жастар арасындағы әлем чемпонатының қола жүлдегері. Шілде айында өткен Қазақстан Президентінің Кубогында финалда Ерік Әлжановқа есе жіберіп, күміс жүлде алған. 

Аз уақыттан кейін ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға көтеріледі. Отандасымыз өзбек Баходир Жалоловпен жұдырықтасады.

 
0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: boxing2019.com
Қосылған күні: 21 қыркүйек, 21:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.