Ильин мен Чиншанло әлем чемпионатына қатысады

Ильин мен Чиншанло әлем чемпионатына қатысады

Ауыр атлетикадан 2019 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды.

Байрақты бәсеке 16 қыркүйек күні Таиландтың Паттайя қаласында басталады. Қыздар арасында ел намысын Зульфия Чиншанло (55 келіге дейін) мен Екатерина Быкова (71 келіге дейін) қорғайды.

Ал ерлер арасында 7 бірдей атлетіміз бақ сынайды. Атап айтқанда, Арли Чонтей мен Игорь Сон (55 келіге дейін), Нижат Рахимов пен Айдар Қазов (81 келіге дейін), Денис Уланов (89 келіге дейін), Илья Ильин ( 96 келіге дейін), Ибрагим Берсанов (109 келіге дейін).

Әлем чемпионаты 27 қыркүйек күні мәресіне жетеді. Дүбірлі додада атлеттер 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасына таласатын болады.

Естеріңізде болса, жақында спортқа оралған Илья Ильин Талдықорғанда өткен ҚР V жазғы Спартакиада жарысында жеңімпаз атанған еді. 102 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған спортшы жұлқа көтеру жаттығуында 170 келіні еңсеріп, серпе көтеруде 200 келіні бағындырды. Қорытындысында 370 кило (170+200) көтерген Ильин жеңімпаз болды. Бұл – қазақстандық спортшының осы маусымдағы үздік көрсеткіші. Осыған дейін Токиода өткен тестілік жарыста 365 кило (165+200) көтерген еді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Смартфонды қуаттағанда ескеретін 7 ереже
Смартфонды қуаттағанда ескеретін 7 ереже
Қазақстанда 5 қазаннан бастап карантин қалай күшейтіледі?
Қазақстанда 5 қазаннан бастап карантин қалай күшейтіледі?
Заманауи ұстаздың портреті қандай болуы керек? Сарапшының пікірі
Заманауи ұстаздың портреті қандай болуы керек? Сарапшының пікірі
Вегетариандар туралы 10 дерек
Вегетариандар туралы 10 дерек
Коронавирустан кейінгі синдромнан арылудың жолдары
Коронавирустан кейінгі синдромнан арылудың жолдары
Қазақстан эндоскопиялық хирургтер ассоциациясының VIII съезі басталды
Қазақстан эндоскопиялық хирургтер ассоциациясының VIII съезі басталды