Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде көре алады

Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде көре алады
Фото: DAZN

Қазақстандық спортсүйер қауым отандасымыз Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО)  кәсіпқой бокстағы 41-ші жекпе-жегін тікелей эфирде көре тамашалай алады. Нью-Йорктағы бокс кешін елімізде Qazaqstan мен QazSport арналары көрсетеді.

GGG Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым күні таңда канадалық боксшы Стив Роллспен жұдырықтасады. Бокс кеші Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешінде қазақстандық боксшылар Али Ахмедов (14-0, 10 КО) пен Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) та шаршы алаңға шығады.

Бокс кешінен тікелей эфир таңғы сағат 6:00-де QazSport арнасынан басталады. Ал Qazaqstan ұлттық арнасы сағат 9:00-ден бастап хабар тарата бастайды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Геннадий Головкин мен Стив Роллс жекпе-жегі 9 маусымда «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарының тікелей эфирінде! Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) 9 маусымда канадалық боксшы Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы кезекті жекпе-жегін өткізеді. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде өтетін бокс кешінің андеркардында сондай-ақ, жерлесіміз Әли Ахмедов америкалық Маркус Макдэниелмен жұдырықтасады. АҚШ-тан тікелей трансляцияны 9 маусым 09:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» @qazsporttvkz арналары арқылы тамашалай аласыздар. @gggboxing @ali_akhmedov_officialpage #qazaqstan #qazaqstantv #qazsport #qazsporttv #казспорт #головкинроллс #ахмедовмакдэниел #онлайн #live

Публикация от Qazaqstan TV Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)2 Июн 2019 в 9:55 PDT

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Стив Роллс бүгін ғана Нью-Йорк көшесінде көз арбасып, бетпе-бет жолыққан болатын.

GGG DAZN стримингтік сервисіндегі келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегіне шығады.

Ө. Сансызбай