Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Головкин жаттықтырушысы Санчеспен қош айтысты

Головкин жаттықтырушысы Санчеспен қош айтысты

Головкин жаттықтырушысы Санчеспен қош айтысты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчеспен қош айтысты. Бұл туралы боксшыны өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Шешім қабылдау қиынға соқты. Бұл Абельдің кәсіпқойлығын көрсетпейді. Ол тамаша жаттықтырушы. Жаңа бапкерімді жақын уақытта хабарлаймын. Абельді бар үйреткеніне алғысымды айтқым келеді", — деп жазды Головкин Instagram парақшасында.

Ал мексикалық бапкер Абель Санчес жағдайды былай деп түсіндірді: "Бүгіннен бастап Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін Тоғыз жыл сәтті жұмыс істегеннен соң, талай рекордтарды бағындырып, Даңқ залында орын алғаннан кейін, DAZN-мен құны 100 миллион доллар болатын келісімшартқа отырғаннан соң ол маған намысыма тиетін келісімшарт ұсынды", - деді Санчес Yahoo! Sports басылымына.

Санчес пен Головкин 2010 жылдан бастап бірге жұмыс істеп келді. Бұған дейін қазақстандық боксшы Абель Санеческе тиесілі Big Bear лагерінде жаттыққан. Геннадий Головкин мексикалық бапкердің қол астындағы соңғы жекпе-жегін өткен жылы Сауль Альвареске (51-1-2, 35 КО) қарасы өткізіп, WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Головкиннің 41-ші қарсыласы жайлы 7 дерек

Triple G келесі жекпе-жегін 8 маусым күні Нью-Йоркте (АҚШ) канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жұдырықтасады. Кездесу 164 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Los Angeles Times
Қосылған күні: 25 сәуір, 13:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.