Роналду Чемпиондар лигасындағы жеке рекордын жаңартты

О Сансызбай Корреспондент
Роналду Чемпиондар лигасындағы жеке рекордын жаңартты
Фото ©️ CNN International

Туриннің "Бвентус" клубында ойнайтын португалдық футболшы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасындағы жеке рекордын жаңартты. Ширек финалда "Аяксқа" қарсы өткен ойында ол осы жарыстағы 125-голын соқты.

БӨЛІСУ

1/4 финалдағы бірінші ойында "Ювентус" сырт алаңда "Аякспен" тең ойнады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 45 минутта Роналду баспен гол соғып, командасын алға шығарған. Екінші тайм басында-ақ амстердамдық команда есепті теңестіре білді. Давид Нерестің тепкен добы туриндің клуб қақпасының торында тулады.


Роналду - Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмерген. Ал одан кейінгі орында Лионель Месси келеді. "Барселона" көшбасшысы осыған дейін бұл жарыста 108 гол соққан.

Месси демекші, ширек финалда "Барселона" да "Манчестер Юнайтедке" қарсы бірінші ойынын өткізді. "Олд Траффорд" стадионында өткен кездесуде Месси бастаған жігіттері жеңіске бастар жолды тапты. "Блаугрананың" қарқынды шабуылынан кейін 12 минутта Люк Шоу өз қақпасына автогол соғып алды. Осы нәтиже сақталып, каталондық клуб еліне жеңіспен қайтты.


Екі команда да қарымта ойындарын 17 сәуір күні өткізеді. "Аякс" пен "Ювентус" клубтарының жеңгені  "Тоттенхэм" және "Манчестер Ситидің" жеңгенімен кездеседі. "Манчестер Юнайтед" - "Барселона" командаларының ұтқаны, "Ливерпуль" және "Порту" арасындағы ойында ұтқанымен ойнайды.

Айта кетейік, кеше ширек финалдағы ойындарда "Тоттенхэм" "Манчестер Ситиді", "Ливерпуль" "Портуды" ұтқан болатын.