Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Еуро-2020. Қазақстан құрамасы Ресейден ірі есеп айырмасымен ұтылды

Еуро-2020. Қазақстан құрамасы Ресейден ірі есеп айырмасымен ұтылды

Еуро-2020. Қазақстан құрамасы Ресейден ірі есеп айырмасымен ұтылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы екінші ойында Ресей құрамасынан ойсырай ұтылды. "Астана Аренада" қонақтар 4:0 есебімен басым түсті.

Ресейлік футболшылар ойындағы алғашқы голын 19 минутта соқты. Испанияның "Валенсия" клубында ойнайтын Денис Черышев өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Екінші гол бірінші тайм аяқталар тұста соғылды. Денис Черышев ойындағы екінші голды да өз еншісіне жазып, дубль жасады.

Станислав Черчесов жаттықтыратын Ресей құрамасы екінші таймда тағы екі гол соқты. 52 минутта Денис Черычев асырған пасты команда капитаны Артем Дзюба оңтайлы пайдаланды. Ал араға 10 минут сала Абзал Бейсебеков допты сәтсіз қайтарып, автогол соғып алды. Қонақтардың төрт гол басымдығы сақталып, 3 ұпайға ие болды.

Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы ойынды Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп тамашалады.

Айта кетейік, І тобындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен ұтқан болатын.

0
Рейтинг: +0

Фото: Тұрар Қазанғапов
Қосылған күні: 24 наурыз, 21:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.