Еуро-2020. Қазақстан құрамасы Шотландияны ойсырата ұтты

Еуро-2020. Қазақстан құрамасы Шотландияны ойсырата ұтты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Топтағы алғашқы ойында отандастарымыз Шотландияны ойсырата ұтты.

"Астана Аренада" өткен ойында қазақстандық футболшылар қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Жаңа жаттықтырушы Михал Билек өзінің алғашқы ресми ойынында командамен жеңіске бастар жолды тапты.

Ойындағы алғашқы голды, жалпы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы голды Юрий Перцух соқты.


6 минутта Александр Меркель берген пасты сәтті пайдаланып, есеп ашты. Ал араға 4 минут сала Ян Вороговский есепті еселеді.


Екінші тайм басында Ресейдің "Ростов" командасында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов есепті еселеді. Гафуржан Сүйімбаевтың әуелете асырған добын баспен қарсылас қақпасына тоғытты. Есеп 3:0.


Таблодағы нәтиже сақталып, Қазақстан құрамасы айқын жеңіске жетті. 3 ұпаймен топта көш басына шықты. "І" тобында Қазақстан мен Шотландиядан өзге Кипр, Бельгия, Ресей, Сан-Марино құрамалары бар.

Қазақстан ұлттық құрамасы келесі ойынын 24 наурыз күні Ресей құрамасымен кездеседі.

Ө. Сансызбай