Қазақстанның қоржынына Универсиаданың екінші медалі түсті

Қазақстанның қоржынына Универсиаданың екінші медалі түсті

Ресейдің Красноярск қаласында 2019 жылғы қысқы Универсиада ойындары өтуде. Бүгін Қазақстан құрамасының қоржынына екінші медаль түсті.

Шаңғышы Әсет Дүйсенов спринттік сайыста күміс медаль еншіледі. Мәре сызығын үшінші болып кескен. Кейіннен төрешілер ресейлік Иван Якимушкинді жарыстан шеттеткеннен кейін, Әсет екінші орынға көтерілді.

Жарыста латын медальды ресейлік Александр Терентьев жеңіп алды. Қола медаль да ресейлік тағы бір спортшы Андрей Собакарев еншісіне бұйырды.

Айта кетейік, 2019 жылғы қысқы Универсиаданың алғашқы жүлдесін фристайлшы Жанбота Алдабергенова жеңіп алған болатын.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN