2018 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік футболшысы анықталды

2018 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік футболшысы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымның ең үздік футболшысын анықтады. Бұл марапатқа "Ақтөбе" футбол клубының жартылай қорғаушысы Маркос Пиззелли ие болды.

Үздік ойыншы клуб басшылары, бас жаттықтырушылары мен команда капитандарының дауыс беруі бойынша анықталды. Әр дауыс беруші үздік үш ойыншының есімін атаған. Бірінші есімін атаған ойыншығы - 3 ұпай, екінші орынға - 2 ұпай, үшінші болып үздіктер тізіміне енген ойыншыға 1 ұпайдан берілген. Қорытындысында 69 ұпайға ие болған Маркос Пиззелли 2018 жылғы маусымдағы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік футболшысы атанды.

Армениялық футболшы осы маусымда үздік сұрмерген де атанған болатын. Соңғы тур ойындарына жарақатына байланысты қатыспағанмен, 18 голмен үздік шыққан еді.

Маркос Пиззеллиден кейінгі орынға "Астана" футболшысы Марин Томасов ие болды. Ол дауыс беруде 41 ұпай жинаған. Үздік үштікті қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан түйіндеді. "Қайрат" командасының капитаны 24 ұпай еншілеген.

Клуб басшыларының дауыс беру нәтижесі

Клуб жаттықтырушыларының дауыс беру нәтижесі

Клуб капитандарының дауыс беру нәтижесі


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар