Килиан Мбаппе екі рет Гиннестің Рекордтар кітабына енді

Килиан Мбаппе екі рет Гиннестің Рекордтар кітабына енді
Фото: korrespondent.net

ПСЖ және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе екі рет Гиннестің Рекордтар кітабына енді. 

Бұл рекордтар 19 жастағы шабуылшының 2017 жылғы үздік нәтижелеріне байланысты берілген. Ол өткен маусымда Чемпиондар Лигасының жартылай финалында ең үздік голдың авторы атанған ең жас ойыншы болды. "Монока" сапында жүріп, аталған голды "Ювентус" қақпасына соққанда Мбаппенің жасы 18 жыл 140 күн болған. 

Сонымен қатар, шабуылшы 2017 жылы 9 қазанда ең жас (18 жыл 293 күн) ойыншы ретінде "Алтын доп" үміткерлері тізіміне енген. 

Еске сала кетейік, жақында Клиан Мбаппе Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) жариялаған әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингісінде көш бастаған болатын. Оның трансферлік құны 216,5 миллион еуроға бағаланған.

Т. Раушанұлы