Әлемдегі ең қымбат футболшылар

Әлемдегі ең қымбат футболшылар
Фото: England365

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. Рейтингте ПСЖ футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе көш бастап тұр.

"CIES" 19 жастағы Мбаппені әлемдегі ең қымбат футболшы ретінде танып отыр. Трансферлік құнын 216,5 миллион еуроға бағалаған.

Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде екінші орынға Харри Кейн орналасқан. Тоттенхэм футбол клубы сапында ойнайтын ағылшындық ойыншының трансферлік құны 197,3 миллион еуроны құрап отыр.

Ең қымбат ойыншылардың үздік үштігін Неймар түйіндеп тұр. Өткен жылы бразилиялық футболшы көш басында еді. Өзге команда бұл ойыншыны қатарларына қосу үшін 197 миллион еуро шығындануы тиіс.

CIES Football Observatory орталығы ең қымбат футболшыларды арнайы алгоритм бойынша анықтаған. Ойыншының жасын, алаңдағы орнын, клубтық және құрама сапындағы ойындары мен жетістіктерін, ойнайтын чемпионатының деңгейін басты назарға алған.

Жаз кезінде Туриннің "Ювентус" клубына ауысқан Криштиану Роналду бұл рейтингте үздік ондыққа енбеген. Өткен жылы 7-орында болатын. Олай болса әлемдегі ең қымбат футболшылардың ондығымен таныс бола отырыңыздар.

1. Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 216,5 миллион еуро
2. Харри Кейн ("Тоттенхэм") – 197,3
3. Неймар (ПСЖ) – 197
4. Мұхаммед Салах ("Ливерпуль") – 173
5. Филиппе Коутиньо ("Барселона") – 171,3
6. Лионель Месси ("Барселона") – 170,6
7. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити) – 164,6
8. Ромелу Лукаку ("Манчестер Юнайтед") – 164,3
9. Деле Алли ("Тоттенхэм") – 163,4
10. Антуан Гризманн ("Атлетико") – 157,7

О. Сансызбай