Әлемнің ең үздік футбол бапкерлері анықталды

Әлемнің ең үздік футбол бапкерлері анықталды
Фото: massaget.kz

FourFourTwo журналы 2018 жыл қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік 50 футбол бапкерінің тізімін жариялады. Назарларыңызға солардың ішінен үздік 10 бапкерді ұсынамыз. 

Рейтингтің басында былтыр командалық ойын өрнегімен АПЛ-де қарсылас шақ келтірмей чемпион болған Манчестер Сити клубының бапкері Хосеп Гвардиола тұр. Екінші орында 2,5 жылда бір рет Ла Лиганы ұтып, 3 рет Чемпиондар Лигасында Реал Мадридпен чемпион болған Зинедин Зидан. Үштікті "Атлетико Мадрид" клубының мінезді бапкері Диего Симеоне қорытындылаған. 

ТОР-10 – Әлемнің ең үздік футбол бапкерлері: 
1. Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити")
2. Зинедин Зидан ("Реал" - экс)
3. Диего Симеоне ("Атлетико")
4. Массимилиано Аллегри ("Ювентус")
5. Юрген Клопп ("Ливерпуль")
6. Дидье Дешам (Франция ұлттық құрамасы)
7. Маурисио Почеттино ("Тоттенхэм Хотспур")
8. Маурицио Сарри ("Челси")
9. Юлиан Нагельсманн ("Хоффенхайм")
10. Эрнесто Вальверде ("Барселона").

Т. Раушанұлы