Зинедин Зидан «Реал» командасынан кетті

Зинедин Зидан «Реал» командасынан кетті

Франция құрамасының көп жыл бойы капитаны және де «Алтын доп» иегері Зинедин Зидан «Реал» командасындағы спорт бөлімінің директоры қызметінен кетті.

Бұл туралы «корольдік команданың» бүгінгі таңдағы бас бапкері Жозе Моуринью «Депортиво» командасымен кездесудің алдында айтты. Моуриньюдің айтуынша, Зидан жұмыстан шығу туралы арызды да жазып үлгерген. «Реал» сапында Зидан 2002-2003 жылғы маусымда Испания біріншілігін жеңген. Сонымен қатар 2001 жылы Чемпиондар Лигасында топ жарған.

Айта кетейік, 2009 жылдың 1 тамызында Зизу «Реал» командасының президенті Флорентина Перестің көмекшісі болған. 2010 жылдың қараша айында кеңесші дәрежесіне дейін көтеріліп, мадридтік ұжымның бірінші командасымен тығыз жұмыс жасаған. 2011/12 жылғы маусымнан Зидан команданың спорт бөлімінің директоры қызметін атқарып келген. Енді міне, дәл осы қызметтен кетіп, болашақта Франция құрамасының экс-капитаны бапкерлік қызметпен айналыссам дейді.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига