"Астана" футбол клубы бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
"Астана" футбол клубы бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды
Фото ©️ Астана ФК

"Астана" футбол клубы бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанып, қазақ футболы тарихында жаңа жетістік шыңын бағындырды. Осыған дейін бірде-бір команда бес жыл қатарынан топ жармаған.

БӨЛІСУ

Футболдан 2018 жылғы ел чемпионы атанған команда ХХХІ турда анықталды. Алматыда "Қайрат" "Ертіске" есе жібергеннен (0:1) кейін, елордалық команда ертерек чемпиондық атаққа қол жеткізді.

"Астана" 71 ұпаймен ел чемпиондығы атағына ие болды. "Қайратта" 61 ұпай бар. Кейінгі 3 ойында да жеңіске жеткенмен алматылық команданың ұпайы чемпион атануға жеткіліксіз.

Еурокубок ойындарында ел абыройын асырып жүрген елордалық команда 2014 жылдан бері чемпион атанып келеді. Жеңімпаз болған жүлделер саны бойынша "Ертіс" және "Ақтөбемен" теңесті.

"Қайрат" төртінші жыл қатарынан күміс жүлдеге ие болды.