Геннадий Головкин 5 қазан күні жоспарымен бөліседі

Геннадий Головкин 5 қазан күні жоспарымен бөліседі
Фото: Геннадий GGG Головкин (vk.com)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 5 қазан күні "Технодом" сауда желісімен бірлесе Алматыда баспасөз жиынын өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Салтанатты шара Ritz Carlton қонақүйі жанындағы Esentai Square сауда кешенінде тікелей эфирде жүргізіледі. Астана уақытымен сағат 10:30-да басталады. Баспасөз жиынын жиналған жұрт тамашалай алады. Сондай-ақ жанкүйерлер үшін боксшыдан қолтаңба алудың да сәті түспек.

- Сен чемпион мен "Технодомның" алдағы жоспарларын тыңдап қана қоймай, қолтаңба алуыңа да болады, - деген сауда желісі хабарламасында.

Алдағы уақытта "Технодомның" әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары Геннадий Головкиннің қолы қойылған 15 бокс қолғабын ойнататын болады.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сауль Альвареспен өткен жекпе-жектен кейін елімізге кеше ғана ат басын бұрды.

Ө. Сансызбай