Головкинге қарсылас атануы мүмкін боксшының бірі допинг дауына ілікті - БАҚ

О Сансызбай Корреспондент
Головкинге қарсылас атануы мүмкін боксшының бірі допинг дауына ілікті - БАҚ
Фото ©️ RingSide24

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің салмағында WBO чемпиондық атағына ие Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) допинг дауына ілікті. Бұл туралы ESPN басылымы хабарлады.

БӨЛІСУ

БАҚ ақпараты бойынша британдық боксшының допинг сынамасы оң нәтиже бермеген. Қанынан төзімділікті арттыратын оксилофрин бары байқалған.

Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) 20 қазан күні америкалық Деметриус Андрадемен (25-0, 16 КО) жұдырықтасуы керек болатын. Бұл жекпе-жек өтпеуі мүмкін. Сондай-ақ британдық боксшы чемпиондық атағынан айырылуы да ғажап емес.

Ақпаратқа қатысты боксшы twitter желісінде жазба қалдырып, допинг қолданбағанын жеткізді.

- Мен қаным түгіл сүйегіме дейін допингтен ада боксшымын. Мені қолдаған жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Барлықтарыңызға рақмет, - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) Геннадий Головкинге қарсылас атануы мүмкін боксшылардың бірі болатын.