Головкин мен Альварес жекпе-жек өткізуден уақытша шеттетілді

Головкин мен Альварес жекпе-жек өткізуден уақытша шеттетілді
Фото: MMA Today

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес өзара өткен екінші кездесуден кейін уақытша жекпе-жектерден шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атағын иеленген мексикалық Сауль "Канело" Альварес 15 қарашаға дейін жекпе-жекке шыға алмайды. Ал Геннадий Головкин 31 қарашаға дейін жұдырықтаспайды. Бұл шеттету - жекпе-жектен кейін боксшылардың жарақатынан айығуына арналған уақыт. Жекпе-жекте екі боксшының да қабағы жарылған болатын.

Айта кетейік, 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен екінші кездесуде Сауль Альварес төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Геннадий Головкин мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты.

"Канело" жыл соңына дейін бір жекпе-жек өткізуді жоспарлауда. Ал GGG келесі жылы шаршы алаңға шығады деп күтілуде. Екі боксшы арасындағы үшінші кездесу жайы да жазылуда.

Ө. Сансызбай