Алексей Луценко Индонезиядағы Азия ойындарында екінші рет топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Алексей Луценко Индонезиядағы Азия ойындарында екінші рет топ жарды
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медальды салды. Отандасымыз жекелей сында үздік шықты.

БӨЛІСУ

40 шақырымдық жолды Алексей 55 миунт 37,13 секундта жүріп өтті. Күміс медальды өзбекстандық Мироджан Калмуратов, қоланы жапониялық Фумиюки Беппи иеленді.

Алексей Луценко кеше өткен топтық жарыста да жеңіске жетіп, алтын алған болатын. Қазақстан велоспортшысы 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында бір рет чемпион болған.

Қазақстан құрамасы 3 алтын 7 күміс 19 қола медальмен 11-орынға көтерілді.