Роналдудың футболкасы минут сайын сатылып жатыр

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
 Роналдудың  футболкасы минут сайын  сатылып жатыр
Фото ©️ hirek.ma

"Ювентус" клубы Криштиану Роналду трансферінен пайда табуды бастап кетті. "TuttoJuve" мәліметіне қарағанда португалиялықтың футболкасына сұраныстың жоғары болғаны сондай, дүкендер үзіліссіз жұмыс істеуге мәжбүр. Нәтижесінде әр минутта Роналдудың 1 футболкасы сатылып жатыр.

БӨЛІСУ

Алушылардың көптігінен клубтың интернет-дүкені де біраз уақытқа істемей қалған. Мамандар оны қайта іске қосу үшін көп тер төккен.

Естеріңізге сала кетейік, әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду Мадридтің "Реалынан" Туриннің "Ювентус" клубына ауысқан болатын. Португалиялық сұрмерген "Ювентус" командасымен төртжылдық келісімшартқа қол қойған. Жылына 30 миллион еуро көлемінде еңбекақы алады. "Ювентус" футболшының трансферлік құнына 100 миллион еуро шығындаған. Оны 2 жыл ішінде корольдік клубқа төлейді.

Тағы бұрынғы командасына 12 миллион еуро береді. Криштиану Роналду "Реал" футбол клубы сапында 438 ойынға қатысып, 451 гол соғып, команда тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.