Месси бесінші рет "Алтын бутсы" марапатына ие болды

Месси бесінші рет "Алтын бутсы" марапатына ие болды
Фото: Twitter

"Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси 2017/2018 жылғы маусым қорытындысы бойынша "Алтын бутсы" марапатына ие болды.

Аргентиналық футболшы осы маусымдағы Испания ла лигасында 36 ойынға шығып, 34 гол соққан. Нәтижесінде 68 ұпаймен Еуропа чемпионаттарындағы ең үздік сұрмерген атанды.

Месси "Алтын бутсы" марапатын бесінші рет иеленіп, рекорд жаңартты. Ол 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары да үздік атанған болатын. Ал мадридтік "Реалдың" көшбасшысы Криштиану Роналду бұл марапатты төрт рет иеленген футболшы.

Мессиден кейінгі орынға "Ливерпуль" ойыншысы Мұхаммед Салах  орналасқан. Ол ағылшын премьер-лигасында 36 ойыннан 32 гол соққан. Үшінші орында - Харри Кейн (30 гол).

Айта кетейік, Еуропаның үздік бес чемпионатында (Англия, Германия, Испания, Италия, Франция) гол соққан ойыншыларға 2 ұпайдан берілсе, өзге елдердің чемпионатындағы ойыншылар деңгейіне қарай 2-ден төмен ұпай көрсеткішімен бағаланады.

2017/2018 жылғы маусымдағы үздік сұрмергендер:

1. Лионель Месси ("Барселона") — 34 гол (68 ұпай);

2. Мұхаммед Салах ("Ливерпуль") — 32 (64);

3. Гарри Кейн ("Тоттенхэм Хотспур") — 30 (60);

4. Роберт Левандовски ("Бавария") — 29 (58);

5. Чиро Иммобиле ("Лацио") — 29 (58);

6. Мауро Икарди ("Интер") – 29 (58);

7. Эдинсон Кавани ("ПСЖ") – 28 (56);

8. Криштиану Роналду ("Реал") – 26 (52);

9. Жонас ("Бенфика") – 34 (51);

10. Луис Суарес ("Барселона") – 25 (50).

Ө. Сансызбай