Мұхаммед Салах "Реалға" талап қойды

Мұхаммед Салах "Реалға" талап қойды
Фото: imperya.by

Мадридтің "Реал" футбол клубы мысырлық шабуылшы Мұхаммед Салахпен келіссөз жүргізуде, - деп жазады Don Balon басылымы. Ал футболшы "корольдік клубқа" өз талабын да айтқан.

25 жастағы футболшы мадридтік клубқа негізгі құрамнан орын берсе ғана баратынын ескерткен. Сондай-ақ командада Роналдудан кейін ең жалақы алатын ойыншы атанғысы келеді. Футболшы бұл талаптары орындалмаса, "Реалға" ауысқысы келмейді.

"Ливерпуль" командасы Мұхаммед Салахқа алтыжылдық жаңа келісімшарт ұсынуға даяр. Егер ойыншы келісімін беретін болса, айына 800 мың фунт стерлинг алатын болады. 

Жартылай қорғаушы осы маусымда 42 ойынға қатысып, 37 гол соқты. 12 нәтижелі пас берді

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының ширек финалында "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" кездеседі. Ал бүгін түнде "Ювентус" – "Реал Мадрид""Севилья" – "Бавария" кездесулері өтеді. Ойындар Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады.

Ө. Сансызбай