Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақ боксшылары Хельсинкидегі халықаралық турнирде 5 алтын медаль иеленді

Қазақ боксшылары Хельсинкидегі халықаралық турнирде 5 алтын медаль иеленді

Қазақ боксшылары Хельсинкидегі халықаралық турнирде 5 алтын медаль иеленді

Бокстан Финляндия елінің астанасы Хельсенкиде Gee Bee халықаралық турнирі аяқталды. 37-ші рет ұйымдастырылған жарыста қазақ боксшылары жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Қазақстаннан барған 6 боксшы да жүлделі орыннан көрінді. 56 кг салмақ дәрежесінде Қайрат Ералиев финалда мажар елінің боксшысы Нандор Соканы жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

69 кг-ға дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов топ жарды. Бұл салмақтағы сенім осы жігітке артылып отыр. Себебі Данияр Елеусінов пен Садриддин Ахмедов кәсіпқой боксқа ауысты. Абылайхан Gee Bee турнирінің финалында британдық боксшы Харис Акбарды жеңді.

81 кг салмақта Бек Нұрмағанбет жарқын жеңісімен жанкүйерлер есінде қалды. Финалда отандасымыз ресейлік боксшы Артем Агеевті нокаутқа түсірді.

Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит те қарсылас шыдатпады. Жарыстағы үздік боксшы атанды. Финалда украиналық боксшы Константин Пинчуктан айласын асырды.

Қазақстан құрамасының қоржынына түскен бесінші алтын медальды аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев иеленді. Ол финалда британдық боксшы Соломон Дакросты жеңді.

52 кг-ға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Олжас Байниязов финалда француз Билал Биннаманға есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

Жалпыкомандалық есепте қазақ боксшылары бірінші орын алды. Ресей құрамасы 2 алтын 3 күміс 5 қола медальмен екінші орынға ие болса, швед боксшылары 2 алтын 1 күміс 1 қола медальмен үздік үштікті түйіндеді.

Қазақ боксшылары 12-17 наурыз аралығында Польшадағы Феликс Штамм атындағы халықаралық турнирге қатысады. Оған ұлттық құрама сапында 10 боксшы қатысады.

Бокстан Қазақстан құрамасы үшін 2018 жылдың басты жарысы – тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындары. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар осы додада ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов айта кеткендей, Азия ойындарына қатысатын боксшылар шілде айында белгілі болады.

Фото: Александр Канивец
Қосылған күні: 12 наурыз, 09:59
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.