Венгрияда бір боксшымыз ғана жеңімпаз тұғырынан көрінді

О Сансызбай Корреспондент
Венгрияда бір боксшымыз ғана жеңімпаз тұғырынан көрінді

Венгрия астанасы Будапешт қаласында дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан «Иштван Боскай» атындағы халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарысқа аттанған жеті боксшымыздың барлығы жүлдегер атанып, желпіне алмады.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мажар еліндегі додаға ұлттық құрамаға енді ғана қосылып, буыны бекіп келе жатқан жастарды апарған болатын. Отандастарымыздың арасынан 64 келіге дейінгі салмақта Мақсат Жексенбі ғана финалға дейін жетті. Шешуші шайқаста шаршы алаң иелерінің боксшысымен жұдырықтасқан жерлесіміз жеңісті қолдан бермеді. Төрешілер Мақсатты жеңімпаз ретінде таныды.

Қоржынға түскен қос қола жүлдені Бекзат Халметов (69 келі) пен Шаймұрат Құсайынов (81 келі) еншіледі. Естеріңізде болса, өткен жылы бұл додада Қазақстан құрамасының үш боксшысы жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Атап айтар болсақ, Әділет Құрметов, Ержан Ордабаев және Асланбек Шымбергенов бас жүлдемен оралған еді.

2015 жылғы «Иштван Боскай» мемориалының нәтижелері:

Іріктеу кезеңі:

56 келі: Алмас Жақыпов (Қазақстан) – Дмитрий Асанов (Беларуссия) — 3:0
75 келі: Барнабас Хэги (Венгрия) – Нұрзат Сабыров (Қазақстан) — 2:1

Ширек финал:

52 келі: Салман Ализаде (Әзірбайжан) – Қуаныш Сабыр (Қазақстан) — 3:0

56 келі: Идерхул Енхжаргал (Моңғолия) – Алмас Жақыпов (Қазақстан) -3:0

64 келі: Мақсат Жексенбі (Қазақстан) – Ричард Тоус (Венгрия) — 3:0

69 келі: Бекзат Халметов (Қазақстан) –Жозеф Такач (Венгрия) — 3:0

81 келі: Шаймұрат Құсайынов (Қазақстан) – Роман Тавадзе (Грузия) — 3:0

Жартылай финал:

64 келі: Мақсат Жексенбі (Қазақстан) – Насер Шала (Косово)-

69 келі: Тувшинбат Бямба (Моңғолия) – Бекзат Халметов (Қазақстан) —

81 келі: Норберт Харсиа (Венгрия) – Шаймұрат Құсайынов (Қазақстан) —

Финал:

64 келі: Мақсат Жекенбі – Андрэс Вадач (Венгрия) — 3:0 

Сурет: kfb.kz

Оқт отырыңыз

 

Мырзағали Айтжанов Венгрияда бақ сынайтын боксшылар есімін атады

«Арландар» «Нокаутшыларды» нокаутқа жіберді

Әділбек Ниязымбетов шаршы алаңға сәуірде оралады