Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Мәдина Нұршаева бокстан Азия чемпионы атанды

Мәдина Нұршаева бокстан Азия чемпионы атанды

Мәдина Нұршаева бокстан Азия чемпионы атанды

Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан қыздар арасындағы Азия чемпионатында Мәдина Нұршаева жеңіс тұғырына шықты.

64 килограмға дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз финалда қытайлық боксшы Доу Данды жеңіп, Азия чемпионы атанды. Бұл отандасымыздың халықаралық дәрежедегі спорттық мансабындағы алғашқы алтын жүлдесі. 

69 килограмға дейінгі салмақта Валентина Хальзова финалда қытайлық боксшы Гу Хонгқа жол беріп, Азия чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты.

Кеше Назым Қызайбай (51 кг), Дариға Шәкімова (75 кг), Мөлдір Базарбаева (81 кг) мен Ләззәт Күнгейбаева (+81 кг) Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.

Айта кетейік, бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының деңгейі өсіп келеді. 2008 жылы Үндістандағы жарысқа 79 спортшы, 2010 жылы Қазақстанда өткен біріншілікте 16 елден 84 боксшы, 2012 жылы Моңғолияда 17 елден 82 спортшы, ал 2015 жылы Қытайда Азия чемпионатына 16 елден 96 спортшы қатысқан. Хошиминдегі додаға 22 елден 118 спортшы келді.

Фото: Сергей Штрак
Қосылған күні: 08 қараша 2017, 15:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.