• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

GGG жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

GGG жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін
Фото: Геннадий GGG Головкин (вконтакте)

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz сайтының тілшісі хабарлады.

Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуы бойынша Гена желтоқсан айында кезекті жекпе-жегін өткізуі бек мүмкін. Ал ол жекпе-жек жайлы нақты мәліметтер GGG командасы тарапынан ресми түрде жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Геннадий Головкин осы жылы екі жекпе-жек өткізді. 18 наурыз күні АҚШ-та америкалық боксшы Дэниель Джейкобсты жеңсе, кеше мексикалық боксшы Сауль Альвареспен тең түсті

О. Сансызбай
Logotype Massaget