Қанат Ислам – Брэндон Кук арасында өтетін бокс кешінің билеттері сатылымға шықты

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
Қанат Ислам – Брэндон Кук арасында өтетін бокс кешінің билеттері сатылымға шықты
Фото ©️ khabar.kz

9 қыркүйек күні сағат 18:00-де Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтетін «Кəсіпқой бокс кеші» билеттері сатылымға шықты. 

БӨЛІСУ

Осы шараның басты оқиғасы ешкімнен жеңіліп көрмеген қос боксшы қазақстандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук арасында болмақ. Отандасымыз канадалық боксшыға қарсы бəсекеде өзіне тиесілі WBA Inter-Continental жəне WBA-NABO нұсқалары бойынша чемпиондық атағын қорғайды.

Сондай-ақ осы кеште Жанқош Тұраров, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Жәнібек Әлімханұлы, Димаш Ниязов, Айдос Ербосынұлы және Нұрсұлтан Жанабаев сынды бірнеше қазақ боксшысы андеркартта өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, Қанат Ислам 27 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында мексикалық боксшы Норберто Гонсалесті жеңіп, "WBO NABO" және "WBA Inter-Continental" чемпиондық атақтарына ие болған еді.