Нью-Йорктегі қазақстандық полицей кәсіпқой бокста кезекті рет жеңіске жетті

Нью-Йорктегі қазақстандық полицей кәсіпқой бокста кезекті рет жеңіске жетті
Фото: BrooklynFights

АҚШ-та тұрып полицей қызметін атқаратын Шымкент қаласының тумасы Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Детройт қаласында өткен бокс кешінде Димаш Ниязов Доминика Республикасынан келген боксшы Рамон Геварамен кездесті. Алты раундқа жоспарланған кездсесу бесінші раундта Димаштың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, Димаш Ниязов осыған дейін бірде-бер рет жеңіліп көрмеген. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі.

Ө. Сансызбай