Уорд Ковалевті екінші жекпе-жекте де жеңіп шықты (видео)

Уорд Ковалевті екінші жекпе-жекте де жеңіп шықты (видео)
Фото: vesti.kz

Жартылай ауыр салмақта WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие америкалық Андре Уорд ресейлік боксшы Сергей Ковалевқа қарсы қарымта кездесуде жеңіске жетіп, чемпиондық атақтарын қорғап қалды.

Ресейлік боксшы жекпе-жекті ширақ бастағанмен, қарсыласының тәжірибесі мен айла-тәсілі жүзеге асты. Алғашқы төрт раундтың қорытындысы бойынша қос боксшы тең дәрежеде жұдырықтаса білді.

Кейінгі раундтарда төрешілердің таңдауы бөле жарылды. Андре Уорд қорғана жүріп, қарсыласының осал тұсын таба білді. Сегізінші раундтағы америкалық боксшының шабуылынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Нәтижесінде Андре Уорд қарымта кездесуде техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы бірінші жекпе-жекте де Андре Уорд ұпай айырмасымен жеңіске жеткен еді. 

Ө. Сансызбай