Головкин ағасымен бірге Алматыға келді

Головкин ағасымен бірге Алматыға келді
Фото: vesti.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин ағасы Максиммен бірге Алматыға ат басын бұрды. Олар Алатау бауырындағы "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына барып, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 7 маусым күні Майқұдықта өз атындағы спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан болатын. Одан Астанада басталған EXPO-2017 көрмесінің құрметті қонағы болатыны хабарланған.

GGG 16 қыркүйек күні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен кездеседі. "Big Bear" (АҚШ, Калифорния штаты) лагеріндегі жаттығуын осы айдың орта тұсына қарай бастайды.

Ө. Сансызбай