Роналду жазда «Реалдан» кетуі мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
Роналду жазда «Реалдан» кетуі мүмкін
Фото ©️ timesfm.co.tz

Мадридтік «Реалдың» үздік сұрмергені жазғы ауысым кезеңінде Париждің «ПСЖ» клубына ауысуы мүмкін. Бұл туралы француз басылымдары хабарлауда.

БӨЛІСУ

Португалдық ойыншы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Вольфсбургпен» өткен қарымта ойыннан кейін париждік клубтың  президентімен кездескен. Жеке ұшағымен Парижге ұшып келіп, Нассер Аль-Хелаифидің арнайы қонағы болған. «France Football» басылымының хабарлауы бойынша, Роналду жазда «ПСЖ» клубына ауысуы мүмкін екен.

Айта кетейік, жазда «ПСЖ» клубының үздік сұрмергендерінің бірі Златан Ибрагимович командадан кетеді. Қазіргі таңда швециялық шабуылшының орнына Лоран Блан командасы жаңа ойыншы іздеуде.