Эйфель мұнарасын "құлатқысы" келетін футболшы

Эйфель мұнарасын "құлатқысы" келетін футболшы
Фото: zastavki.com

Париждің "ПСЖ" клубында ойнайтын швед футболшысы Златан Ибрагимович келер маусымда командада қалу үшін "таңғажайып" ұсыныс білдірді. Клуб басшылығы бұл ұсынысты орындау үшін бас қатырмаса да керек-ті.

- Клуб басшылығы Эйфель мұнарасының орнына менің мүсінімді қоюға шамалары келмес. Егер менің ұсынысымды қабыл алып, орындап жатса, келер маусымда "ПСЖ" сапында қалуға уәде беремін" - деді шабуылшы.

Златан Ибрагимович пен "ПСЖ" клубы арасындағы келісімшарт мерзімі осы маусым соңынан аяқталады. Ол осы маусымдағы ішкі біріншілікте 24 ойында 27 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Чемпиондар лигасында 4 гол соққан.

Швед шабуылшысы париждік клубта 2012 жылдан бері ойнап келеді. Ал оған дейін "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Барселона" және "Милан" клубтарында ойнаған. Келер маусымда ағылшын клубтарының бірінде ойнауы мүмкін деп күтілуде.

Айта кетейік, кеше "Труаны" 9:0 есебімен жеңген "ПСЖ" чемпиондық атақты ерте жеңіп алған болатын. Нәтижесінде Еуропаның үздік бес біріншілігінде (ла лига, серия а, премьер-лига, бундеслига) ең жылдам чемпион атанған клуб ретінде рекорд тіркеген еді.

Ө. Сансызбай