«Реал» ойыншысы қарсыласының тісін сындырды (видео)

«Реал» ойыншысы қарсыласының тісін сындырды (видео)
Фото: vesti.kz

Мадридтік «Реал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Тони Кроос Чемпиондар лигасының ширек финалында «Вольфсбург» ойыншысы Виейриньяның тісін сындырды.

Допқа талас кезінде Тони Кроостың шынтағы Виейриньяның аузына тиіп, тісін сындырған. Жартылай қорғаушы жарақатына қарамастан, ойынды соңына дейін жалғастырды.

Айта кетейік, ширек финалдағы алғашқы ойында «Реал» түзде «Вольфсбургтан» 2:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. Бұл - «корольдік клубтың» осы маусымдағы Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңілісі.

Қос клуб арасындағы қарымта ойын 12 сәуір күні Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді.

Ө. Сансызбай