Жүсіпов пен Ниязымбетов – жартылай финалда!

Жүсіпов пен Ниязымбетов – жартылай финалда!
Фото: vk.com

Бокстан Қытайдың Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан Азия мен мұхиттың елдер арасындағы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Абылайхан Жүсіпов пен Әділбек Ниязымбетов жартылай финалға шықты.

64 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз Абылайхан Жүсіпов Олимпиадаға іріктеу турнирінде үшінші жекпе-жегін өткізді. Бірінші жекпе-жегінде үндістандық Манож Кумарды, екінші кездесуінде оңтүстік кореялық Хунчул Лимді ұтса, жартылай финал үшін өткен жекпе-жекте аустралиялық Дэвид Бидллді 3:0 (30:25, 30:26, 30:27) есебімен жеңді.

81 келіге дейінгі салмақта Әділбек Ниязымбетов те жартылай финалға шықты. Ол ширек финалда сириялық Алаа Элдин Госсоунды жеңді. 

Ө. Сансызбай