Абылайхан Жүсіпов 64 келідегі үздік боксшыны жеңді

Абылайхан Жүсіпов 64 келідегі үздік боксшыны жеңді
Фото: vk.com

64 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде ширек финалға шықты.

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда Азия ойындарының күміс жүлдегері оңтүстік кореялық Хунчул Лимді 3:0 (29:28, 30:27, 29:28) есебімен ұтты. Ол Абылайхан Жүсіпов бақ сынап жатқан салмақтағы жарыстың үздік боксшысы саналып келген еді.

Абылайхан Жүсіпов Олимпиадаға іріктеу жарысындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп отыр. Отандасымыз бірінші кездесуінде үндістандық Манож Кумарды ұтқан еді.

Жаңа ғана Олжас Сәттібаев филиппиндік Ролдан Бонкалесті ұтқан болатын. Санаулы минуттардан кейін шаршы алаңға Әділбек Ниязымбетов шығады. Сондай-ақ, кешкі жекпе-жектерде Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасады.

Ө. Сансызбай