Элизабет Тұрсынбаева Олимпиада чемпионын жолда қалдырды

Элизабет Тұрсынбаева Олимпиада чемпионын жолда қалдырды
Фото: vk.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Хорватия астанасы Загребте өткен «Golden Spin» халықаралық турнирінде екінші орын алды. Отандасымыз қос бағдарламада да екінші орыннан көрінді.

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 56.85 ұпай жинады. Ал еркін бағдарламада 119.45 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Бірінші орын ресейлік Элизабета Токтамышеваға бұйырды. Турнирде үшінші орынды америкалық Карен Чен місе тұтса (175.35), Сочи Олимпиадасының чемпионы Аделина Сотникова жарысты алтыншы орынмен аяқтады.

Айта кетейік, дәл осы турнирдің ерлер бәсекесінде Денис Тен жеңімпаз атанған болатын. 

Мәнерлеп сырғанау.  "Golden Spin"  турнирі. Загреб (Хорватия)

Әйелдер.  Қорытынды есеп:

1. Елизавета Туктамышева (Ресей)- 201,33. 
2. Элизабет Турсынбаева (Қазақстан) - 176,33. 
3. Карен Чен (АҚШ) - 175,35. 

Ө. Сансызбай