Денис Тен Хорватияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Денис Тен Хорватияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Golden Spin of Zagreb 2015 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Бұған дейін Теннің қысқа бағдарламада 94,03 ұпаймен көш бастағаны хабарланған еді. Мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында да ол 182,36 ұпаймен үздік атанды. Денис екі жаттығу қорытындысы бойынша 276,39 ұпай жинады.

Турнирде екінші орын америкалық Адам Риппонға (237.87) бұйырса, үштікті 223,68 ұпаймен ресейлік Адиан Питкеев қорытындылады. Айта кетейік, Денис Тен бұл турнирде осымен екінші рет жеңімпаз атанып отыр. 

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін