Әйгілі UFC чемпионы Геннадий Головкинге қолдау көрсетті

Әйгілі UFC чемпионы Геннадий Головкинге қолдау көрсетті
Фото: i.onthe.io

Ережесіз жекпе-жектен жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, әйгілі Ронда Роузи Геннадий Головкинге қолдау көрсетті.

UFC-де ерлігімен танылған спортшы қыз Головкин мен Қазақстанның туы салынған суреті бар арнайы жейде киіп, алдағы жекпе-жекте Головкинге жеңіс тілеген.

«Қолдау көрсеткенің үшін рахмет, Ронда Роузи» деп жазды Головкин ресми парақшасында.

Барлық жекпе-жегін 1-ші раунда аяқтап жүрген Ронда Роузи өзінің сүйікті боксшысы Геннадий Головкин екенін осыдан бұрын айтқан болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Е. Жұмабайұлы