Усейн Болт 100 метрді бірінші болып бағындырды (видео)

Усейн Болт 100 метрді бірінші болып бағындырды (видео)
Фото: eurosport.com

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Ямайкалық спортшы 100 метр қашықтыққа жүгіруде бірінші келді.

100 метр қашықтықты Усейн Болт 9,79 секундта бағындырды. Ал күміс медальға ие болған америкалық Джейсон Гэтлин бар болғаны 0,01 секундқа қалып қойды. Үштікті канадалық Андре де Грассе (9,92 секунд) түйіндеді.

Усейн Болт 100 метрге жүгіруде үшінші рет әлем чемпионы атанып отыр. Нәтижесінде Карл Льюис пен Моррис Грин рекордын қайталады.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионаты 30 тамыз күні мәресіне жетеді. Ал әйелдер арасындағы 100 метрге жүгіру жарысы ертең өтеді. Олардың қатарында отандасымыз Виктория Зябкина да бар. 

Ө. Сансызбай