«Арландар» мен «Баку оттары» өзара оныншы кездесуін өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
«Арландар» мен «Баку оттары» өзара оныншы кездесуін өткізеді

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) V маусымдағы оныншы турында «Astana Arlans» пен «Baku Fires» клубтары кездеседі. Шымкентте өтетін шайқас клубтардың өзара оныншы кездесуін тіркемек.

БӨЛІСУ

Марат Жақиев жаттықтыратын қазақстандық клуб осыған дейінгі тоғыз кездесуінде де жеңіске жетіп, топта көш бастап келеді. Ал әзірбайжандық клубтың бұл маусымдағы нәтижесі де жаман емес. 6 кездесуде жеңіске жетіп, 3 кездесуінде жеңіліп, 20 ұпаймен екінші орында келеді.

Екі клуб арасындағы бірінші кездесуде отандастарымыздың мысы басым болған еді.31-қаңтарда Әзірбайжанның Губа қаласында кездесіп, 3:2 есебімен «Astana Arlans» жеңіске жеткен-ді. Ол кездесуде Теміртас Жүсіпов (48 келі), Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) және Василий Левит (91 келі) жеңіске жетсе, Нұрсұлтан Көшеғұлов (56 келі) пен Асхат Уалиханов (64 келі) жеңіліп қалған болатын.

Шымкент шаршы алаңында 52 келіге дейінгі салмақта Олжас Сәттібаев Мурад Рабадановпен, 60 келіге дейінгі салмақта Закир Сафиуллин Альберт Селимовпен жұдырықтасады. 69 келіге дейін салмақта Қанағат Маралов жұдырықтасады. Ол «Astana Arlans» сапындағы алғашқы жекпе-жегіне шығады. Қарсыласы – Парвиз Багиров. 81 келіге дейінгі салмақта Хрвое Сеп Михаил Даухалявецпен жұдырықтасса, 91 келіден жоғары салмақта Филипп Хргович Гаджи Мұртазалиевке қарсы өнер көрсетеді.

Екі клуб 2010 жылдан бері өзара 9 кездесу өткізген екен. Оның бесеуінде қарсыластар жеңіске жетсе, төрт жеңіс «Astana Arlans» еншісіне жазылған. Жерлестеріміздің таразы басын теңестіруге зор мүмкіндігі туып отыр.

«Astana Arlans» пен «Baku Fires» клубтары арасындағы кездесу 21 наурыз күні Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады. Тікелей эфирде «Хабар» арнасы көрсететін болады.

Комaндалардың өзара кездесулері

2010-11 ж.ж

Азия аймағы. Топтық кезең.

«Astana Arlans» – «Baku Fires» – 1:4

«Baku Fires» – «Astana Arlans» – 3:2

«Baku Fires» – «Astana Arlans» – 3:2

«Astana Arlans» - «Baku Fires»– 5:0

2013-14 ж.ж.

Топтық кезең

«Astana Arlans» - «Baku Fires» - 4:1

«Baku Fires» - «Astana Arlans» - 4:1

Жартылай финал

«Astana Arlans» - «Baku Fires» - 3:2

«Baku Fires» - «Astana Arlans» - 4:1

2014-15 ж.ж.

«Baku Fires» - «Astana Arlans» - 2:3

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Жаңа маусымдағы «Astana Arlans» сапына кімдер қосылды?

«Astana Arlans» V маусымды жеңіспен бастады

«Astana Arlans» Польшада «Hussars Poland» клубын жеңді

«Astana Arlans» Губада «Baku Fires» командасын жеңді

«Арландар» «Нокаутшыларды» нокаутқа жіберді