«Барселона» Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

О Сансызбай Корреспондент
«Барселона» Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Каталондық «Барселона» екі кездесу қорытындысы бойынша «Манчестер Ситиді» жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты. Нәтижесінде дүбірлі доданың ширек финалына сегізінші маусым қатарынан жолдама алып, рекорд орнатты. «Блауграна» осыған дейін ширек финалды жеті рет бағындырып, оның екеуінде чемпион атанған.

БӨЛІСУ

«Барселона» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында екінші жыл қатарынан ағылшындық «Манчестер Ситиді» жарыс жолынан шығарып отыр. Бірінші ойында 1:2 есебімен жеңсе, түнде өткен кездесуде бір доп басымдығымен жеңіске жетті. Ойындағы жеңіс голының авторы – Иван Ракитич. Ол Чемпиондар лигасындағы алғашқы голын соқты. Қос кездесу қорытындысы бойынша 3:1 есебімен «Барселона» келесі кезеңге өтті.

Ал Дортмундта Туриннің «Ювентусы» жергілікті «Боруссияны» ірі есеппен жеңді. Бірінші ойында да 2:1 есебімен басым түскен Массимилано Аллегри шәкірттері түндегі ойында жауапсыз үш гол соқты. Қорытындысында қос кездесу нәтижесі бойынша 5:1 есебін тіркеген италиялық ұжым ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бүгін Еуропа лигасының ойындары өтеді. Ал ертең Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ширек финалындағы қарсыластар анықталатын болады. Жеребе Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. 

Cурет: zimbio.com

Оқи отырыңыз

Чемпиондар лигасы. «Атлетико» мен «Монако» ширек финалға шықты (видео)

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)

"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?

«Барселона» ойыншылары футболдан өзге қандай кәсіппен айналысады?