Флойд Мейвезер «ғасыр жекпе-жегіне» негізгі дайындығын бастады

Флойд Мейвезер «ғасыр жекпе-жегіне» негізгі дайындығын бастады

WBA тұжырымы бойынша суперчемпион, WBC тұжырымы бойынша да чемпиондық атақ иегері Флойд Мейвезер филиппиндік танымал боксшы Мэнни Пакьяоға қарсы өтетін жекпе-жегінің негізгі жаттығуларын бастады.

Америкалық боксшы негізгі жаттығуларын «Mayweather Boxing Club» деп аталатын өзінің жеке спорт залында өткізіп жатыр екен. Боксшыға Флойд Мейвезер (үлкені), атасы Роджер Мейвезер және физикалық тұрғыдан шынықтыратын бапкері Алекс Аризо көмектесуде. Флойдтың өзі болса жекпе-жекке дейін нағыз спорттық бабында болатынын мәлімдеп үлгерді.

Айта кетейік, Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы «ғасыр жекпе-жегіне» теңелген жұдырықтасу 2 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Қазір барлық БАҚ өкілдері түрлі әңгімелер өрбітіп, бұл жекпе-жекке деген көпшіліктің қызығушылығын арттыруда. Мәселен, Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман осы бәсекеде жеңіске жеткен спортшыға құнды тастармен көмкерілген ерекше белбеу табыс етілетіні жайында жариялады.

Сурет:pavlodarnews.kz

Оқи отырыңыз

Пакьяо мен Мейвезер арасындағы «ғасыр жекпе-жегі» өтпеуі мүмкін

Әйгілі Мэнни Пакьяо «Жаһан аруы – 2014» байқауына қазылық жасады

Берік Әбдірахманов APB чемпионы атағын қалай жеңіп алды? (видео)

Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді

Ө. Сансызбай