Берік Әбдірахманов APB чемпионы атағын қалай жеңіп алды? (видео)

Берік Әбдірахманов APB чемпионы атағын қалай жеңіп алды? (видео)

Жұма күні қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов АРжобасының финалында өзбек Хуршид Тожибаевты жеңіп, келер жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын. Бүгін назарларыңызға сол финалдық жекпе-жектің бейнебаянын ұсынамыз.

APB жобасының 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі додасында топ жарған Берік Әбдірахмановқа чемпиондық белбеуді Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев табыстады. 

Айта кетейік, Берік Әбдірахманов – 2013 жылғы Азия чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол Рио Олимпиадасына жолдама алған ұлттық құрамадағы алғашқы боксшы.Өзге жолдамалар WSB жобасы мен Катар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатында таратылады.

Cурет:  vesti.kz

Оқи отырыңыз

Берік Әбдірахманов APB жобасында жеңімпаз атанды

«Astana Arlans» Губада «Baku Fires» командасын жеңді

Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді

О. Сансызбай