Қазақстан құрамасы Молдовамен тең тарқасты (видео)

Қазақстан құрамасы Молдовамен тең тарқасты (видео)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдовамен тең тарқасты. Түркияның Анталья қаласында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді.

Юрий Красножан баптайтын қазақстандық футболшылардың жеңіске деген жігері алғашқы минуттардан-ақ байқалды. Бірақ, бірінші таймда есеп ашылмады. Доп ұстауда сауаттылық танытқанымен, дәл соққы бағыттауда мергендік таныта алмады. Таблодағы есеп тек екінші таймда ғана өзгерді. Молдова құрамасының қорғаушыларының қателігін сәтті пайдаланған Алексей Щеткин гол авторы атанды. Бірақ, отандастарымыздың бір доп басымдығына ие болған сәті ұзаққа созылмады. 55-ші минутта Молдова құрамасының ойыншысы Александр Гацканның қайшылай тепкен добы Ненад Эрич қорғаған қақпаның төрінен табылды. «Астана» командасының қақпашысы ұлттық құрамадағы алғашқы ойынында гол жіберді. Бұл тұста қорғаушылар да ойда-жоқта қателікке бой алдырды. Одан кейінгі уақыттарда Қазақстан құрамасы шабуылға баса мән беріп ойнағанмен, нәтиже шығара алмады. Қорытындысында қос команда тең тарқасты.

Айта кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Юрий Красножан шәкірттері 28 наурыз күні Исландия құрамасын қабылдайды. Ал 31 наурыз күні Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. 

Қазақстан — Молдова 1:1 (0:0) 
Голдар: Щеткин 48 (1:0), Гацкан 54 (1:1)
Ескертулер: Қожамберді — Жардан, Кептине
Қазақстан: Эрич, Алиев, Воротников, Логвиненко, Абдулин, Сүйімбаев, Смақов, Дарабаев, Нұрғалиев, Қонысбаев, Щеткин
Алмасқан ойыншылар: Малый, Исламхан, Богданов, Шомко, Қожамберді
Молдова: Чебану, Раку, Посмак, Головатенко, Жардан, Ерхан, Онике, Гацкан, Пикущак, Чептине, Сидоренко
Алмасқан ойыншылар: Титов, Кожокарь, Патраш
Бас қазы: Алексей Николаев (Ресей)
18 ақпан. Анталья. «Мардан».  

Cурет: kff.kz

Оқи отырыңыз

Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізетін болды

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

Ө. Сансызбай